Статья:

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЕГІСІНІҢ АРАМШӨПТЕРМЕН ЛАСТАНУЫН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ

Конференция: LXXXIV Международная научно-практическая конференция «Научный форум: медицина, биология и химия»

Секция: Почвоведение

Выходные данные
Маратова А.Н., Бекежанова М.М. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЕГІСІНІҢ АРАМШӨПТЕРМЕН ЛАСТАНУЫН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ // Научный форум: Медицина, биология и химия: сб. ст. по материалам LXXXIV междунар. науч.-практ. конф. — № 1(84). — М., Изд. «МЦНО», 2026.
Идет обсуждение
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЕГІСІНІҢ АРАМШӨПТЕРМЕН ЛАСТАНУЫН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ

Маратова Акнур Нурлановна
Аға лаборант, Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты», Пестицидтерді тіркеу бөлімі, Қазақстан Республикасы, Алматы
Бекежанова Мадина Маликовна
ведущий научный сотрудник, «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты», Пестицидтерді тіркеу бөлімі, Қазақстан Республикасы, Алматы

 

MEASURES TO REDUCE THE CONTAMINATION OF SUGAR BEET CROPS BY WEEDS IN THE CONDITIONS OF THE ESKELDINSKY DISTRICT OF THE ZHETYSU REGION

 

Maratova Aknur

Senior laboratory assistant, Pesticide Registration Department, Kazakh Research Institute of plant protection and quarantine named after Zhazken Zhiembayev, Republic of Kazakhstan, Almaty

Bekezhanova Madina Malikovna

Leading Researcher, Department of Pesticide Registration, Kazakh Research Institute of Plant Protection and Quarantine named after Zhazken Zhiembayev, Republic of Kazakhstan, Almaty

 

Аннотация. Мақалада Жетісу облысы Ескелді ауданы жағдайында қант қызылшасы егістеріндегі арамшөптермен күресте гербицидтерді қолданудың тиімділігі зерттелді. Зерттеу жұмысының мақсаты – бір жылдық және көп жылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы Питон Гранд және Виртуоз гербицидтерінің биологиялық және шаруашылық тиімділігін анықтау. Зерттеу нысаны ретінде 2022 жылы өсірілген қант қызылшасы егістері алынды.

Зерттеу барысында қант қызылшасы егістерінде арамшөптердің 15 түрі анықталып, олардың ішінде бір жылдық арамшөптердің басым екені белгіленді. Гербицидтердің тиімділігі Аббот формуласы бойынша бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, Виртуоз гербицидін 0,12-0,16 л/га мөлшерінде қант қызылшасының 6 нағыз жапырақ фазасында қолдану негізгі арамшөп түрлерінің 74,0-85,3%-ын жоюға мүмкіндік берді.

Шаруашылық тиімділік көрсеткіштері бойынша Виртуоз гербициді бақылаумен салыстырғанда қосымша 12,6-13,13 ц/га өнім қалыптастырды және эталон ретінде алынған Питон Гранд препаратымен салыстырғанда жоғары нәтиже көрсетті. Зерттеу нәтижелері қант қызылшасының өнімділігін арттыруда гербицидтерді ғылыми негізде таңдау мен қолданудың маңыздылығын дәлелдейді.

Abstract. The article examines the effectiveness of herbicides in weed control on sugar beet crops in the Eskeldinsky district of the Zhetysu region. The purpose of the research is to determine the biological effectiveness of Python Grand and Virtuoso herbicides against annual and perennial dicotyledonous weeds. Sugar beet crops grown in 2022 were used as the object of the study.

The study identified 15 types of weeds on sugar beet crops, among which the predominance of annual weeds was established. The effectiveness of herbicides was evaluated using the Abbott formula. The results showed that the use of Virtuoso herbicide in phase 6 of real sugar beet leaves in an amount of 0.12-0.16 liters/ha allowed to destroy 74.0-85.3% of the main weed species.

In terms of farm efficiency compared to herbicide control, Virtuoso produced an additional 12.6-13.13 c/ha of products and showed better results compared to the Python Grand preparation obtained as a reference. The results of the study prove the importance of a scientifically sound choice and use of herbicides to increase sugar beet yields.

 

Кілт сөздер: қант қызылшасы, арамшөптер, гербицидтер, биологиялық тиімділік, шаруашылық тиімділік, өнімділік.

Keywords: sugar beet, weeds, herbicides, biological efficiency, economic efficiency, productivity.

 

Қант қызылшасы – әлемнің көптеген елдерінде қант өндірудің негізгі шикізаты болып табылатын тамыржемісті ауылшаруашылық дақылы. Асханалық қызылшамен салыстырғанда, қант қызылшасының тамыржемісі ақшыл түсті болып келеді және оның құрамында сахароза мен целлюлоза мөлшері жоғары. Қант қызылшасын өңдеу барысында алынатын целлюлоза мен патока өндіріс қалдықтары ретінде мал азығына қосымша қоректік өнім ретінде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі таңда қант қызылшасын өсіру мен өңдеудің ірі өндірістік кешендері Франция, Ресей және АҚШ мемлекеттерінде шоғырланған [1, 5 б].

Қолайлы агроклиматтық жағдайларда қант қызылшасы гектарына 28 тоннаға дейін құрғақ зат түзе алады. Алайда егістіктердің арамшөптермен ластану деңгейіне байланысты тамыржемісті дақылдардың өнімділігі 80%-ға дейін және одан да жоғары мөлшерде төмендеуі мүмкін [2, 23 б].

Қызылшаның арамшөптермен бәсекелестігі, әсіресе өскін шыққаннан кейінгі алғашқы айда, гектарына 120-150 кг тамыржемістің жетіспеуіне алып келеді. Сонымен қатар, егістіктегі арамшөптердің әрбір тонна биомассасы қант қызылшасының өнімділігін орта есеппен 1,5 ц/га-ға азайтады.

Осыған байланысты, егін өнімін сақтауда гербицидтерді қолдану жүйесін ғылыми негізде таңдау және препараттардың тиімді мөлшерін анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл әсіресе вегетацияның алғашқы 6–8 аптасында өзекті, себебі осы кезеңде жас қант қызылшасы өсімдіктері арамшөптермен толыққанды бәсекеге түсе алмайды және тұрақты қорғауды қажет етеді [3, 12 б].

Қант қызылшасының бастапқы даму кезеңінде (өскіннен бастап қатар аралық жапырақтардың жабылуына дейін) өсу қарқыны баяу болғандықтан, ол тез өсетін және экологиялық икемді арамшөптермен жарық, ылғал және қоректік элементтер үшін бәсекелесуге қабілетсіз болады. Осы кезеңде арамшөптермен күшті зақымдану өнімнің 25%-ға дейін жоғалуына әкелуі мүмкін, ал вегетация бойы арамшөптермен қатар өсу жағдайында тамыржемістердің шығыны 80%-ға дейін жетуі ықтимал [4, 7 б]. Қазақстан ауыл шаруашылығында қант қызылшасы экономикалық тұрғыдан аса маңызды дақылдардың қатарына жатады. Бұл дақылды өсіруге қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында шоғырланған. Атап айтқанда, Жетісу облысында қант қызылшасының жылдық өндіріс көлемі 440 мың тоннадан асады. Алайда қазіргі таңда қант қызылшасының өнімділігін төмендететін негізгі факторлардың бірі – арамшөптердің кең таралуы болып отыр.

Арамшөптер мәдени өсімдіктермен қоректік заттар, ылғал және жарық үшін бәсекеге түсіп қана қоймай, зиянкестер мен ауру қоздырғыштарының таралуына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, олар егін жинау техникасының жұмыс тиімділігін төмендетіп, өнімнің ысырап болуына және жиналған дақылдың органикалық қоспалармен ластануына әкеледі. Осыған байланысты қант қызылшасының жоғары әрі тұрақты өнімін қамтамасыз ету үшін арамшөптерге қарсы агротехникалық, ұйымдастырушылық және химиялық шараларды кешенді түрде қолдану өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу мақсаты: қант қызылша егісінің негізгі арамшөптерімен күрес шараларының тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндетіне Жетісу облысы Ескелді ауданы жағдайында қант қызылша егістерінде кездесетін арамшөптердің түр құрамын анықтап, қант қызылша егістерінде кездесетін арамшөптермен химиялық күресу шаралары қойылды.

Зерттеу жұмысының объектісі ретінде 2022 жылы Жетісу облысы Ескелді ауданы жағдайында өсірілген қант қызылшасы егістері алынды. Зерттеу материалдарына қант қызылшасы егісіндегі арамшөптердің түрлік құрамы, олардың саны мен биомассасы, сондай-ақ вегетациялық кезеңде қолданылған әртүрлі күрделі гербицидтер кірді. Жұмыс барысында гербицидтермен өңделген және бақылау нұсқаларындағы егістер Аббот формуласы арқылы салыстырмалы түрде зерттелді [5, 14 б].

Қант қызылшасы егістерінде бір жылдық және көпжылдық  арамшөптердің 15 түрі анықталды. Нәтижесінде егістерде бір жылдық арамшөптер басым екені анықталды. Егістердің зақымдану дәрежесі басқа ауылшаруашылық дақылдардың егістеріне қарағанда көп ластанған. Олардың ішінде доминантты түрлері: бір жылдық арамшөптерден: ақ алабота (Chenopodium album L.), қызылқұйрық (Amaranthus retroflexus L.), тауық қант қызылшасы (Echinochloa crus-galli L.), жатаған бидайық (Elytrigia repens), жабысқақ қызылбояу (Galium aparine), қарасұлы (Avena fatua).

Жетісу облысының метеостанциясының мәліметтері бойынша вегетациялық кезеңде жауын-шашын мөлшері айлар бойынша біркелкі таралмаған. Орташа көпжылдық көрсеткіштерге сәйкес, ең жоғары жауын-шашын маусым айында (31,9 мм) және шілде-тамыз айларында (29,1-30,0 мм) байқалады. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері салыстырмалы түрде төмен (20,5 мм). Жалпы алғанда, вегетациялық кезеңде ылғалдың негізгі бөлігі жаз айларына сәйкес келеді, бұл қант қызылшасының өсуі мен дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Кесте 1.

Қант қызылша егісінде бір жылдық және көп жылдық қосжаранқты арамшөптерге қарсы қолданылған гербицитердің биологиялық тиімділігі. (Жетісу облысы, Ескелді ауданына 2022 ж.)

 

 

Тәжірибе нұсқалары

Арамшөптер түрлері

ақ алабота

қызылқұйрық

тауық тары

жатаған бидайық

егістік қалуен

шт/м2

жойылу, %

шт/м2

жойылу, %

шт/м2

жойылу, %

шт/м2

жойылу, %

шт/м2

жойылу, %

Бақылау  (өңделмеген)

1 есеп

16,9

-

11,6

-

20,1

-

13,4

-

14,6

-

2 есеп

21,1

-

14,2

-

23,8

-

15,8

-

19,2

-

3 есеп

13,2

-

17,1

-

22,4

-

10,6

-

24,9

-

Питон Гранд в.д.г. -0,12 л/га (эталон)1есеп

4,0

76,3

3,1

73,3

4,5

77,6

3,1

76,9

4,1

71,9

2 есеп

5,2

75,4

3,5

75,3

5,5

76,9

3,5

77,8

5,3

72,4

3 есеп

3,1

76,5

4,2

75,4

5,2

76,8

2,3

78,3

6,8

72,7

Питон Гранд в.д.г. -0,16 л/га (эталон) 1есеп

3,7

78,1

2,9

75,0

4,1

79,6

2,9

78,4

4,0

72,6

2 есеп

4,8

77,2

3,3

76,7

5,2

78,1

3,0

81,0

5,1

73,4

3 есеп

2,6

80,3

3,1

81,9

4,2

81,2

1,9

82,0

6,1

75,5

Виртуоз, в.д.г.

0,12 л/га.

1 есеп

3,4

79,9

2,5

78,4

4,2

79,1

2,6

80,6

4,0

72,6

2 есеп

4,2

80,0

3,0

78,9

5,0

79,0

3,4

78,5

4,7

75,5

3есеп

2,5

81,0

3,4

80,1

3,6

83,9

1,9

82,0

5,5

77,9

Виртуоз, в.д.г.

0,16 л/га.

1 есеп

3,1

81,7

2,2

81,0

4,0

80,1

2,4

82,0

3,8

74,0

2 есеп

4,0

81,0

2,8

80,3

4,8

79,8

3,5

77,8

4,3

77,6

3 есеп

2,2

83,3

2,9

83,0

3,3

85,3

1,8

83,0

5,1

79,5

 

1-кестедегі деректер гербицид Виртуоз, в.д.г. қант қызылшасын жинау басталған кезеңге дейін өзінің гербицидтік қасиетін сақтайтынын көрсетеді. Арамшөптердің өнім жинау алдындағы қырылуы бақылаумен салыстырғанда сәйкесінше: 81,7-83,3%, 81,0%-83,0%, 80,1-85,3% және 82,0-83,0% 74,0-79,5% құрады. Алынған көрсеткіштер эталонға - Питон Гранд в.д.г. 0,12 л/га жақын, тіпті олардан 4-7% жоғары.

Кесте 2.

Қант қызылшасы егісінде бір жылдық және көп жылдық қосжаранқты арамшөптерге қарсы қолданылған гербицитердің шаруашылық тиімділігі. (Жетісу облысы, Ескелді ауданына 2022 ж.)

 

Тәжірибе нұсқалары

Қайталаулар бойынша өнімділік, ц/га

Орташа өнім

 

1

 

2

 

3

 

4

 

ц/га

 

Қосымша өнім, ц/га

Бақылау (өңдеусіз)     

32,9

31,2

32,0

31,7

31,95

-

Питон Гранд в.д.г. - 0,12 л/га (эталон)

40,8

41,7

40,9

42,6

41,5

9,5

Питон Гранд в.д.г. -0,16 л/га

42,0

42,9

41,8

41,7

42,11

10,16

Виртуоз, в.д.г.

0,12 л/га.

44,8

43,9

44,2

45,5

44,6

12,6

Виртуоз, в.д.г.

0,16 л/га.

45,3

44,8

45,2

45,0

45,08

13,13

 

Қант қызылшасының 6 нағыз жапырақ кезеңінде біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерге  қарсы Виртуоз, в.д.г. 0,12-0,16 л/га қолданғанда тамыржемістерінің өнімділігі 44,6-45,8 ц/га,  қосымша өнім 12,6 – 13,13 ц/га құрады, бұл бақылаумен салыстырғанда  әлдеқайда артық.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қант қызылшасында арамшөптермен тиімді күрес үшін Питон Гранд (в.д.г., 0,12-0,16 л/га) және Виртуоз (в.д.г., 0,12-0,16 л/га) гербицидтерін қолдану өнімді нәтиже беретіндігі дәлелденді. Қант қызылшасы дақылының 6 нағыз жапырақ фазасында Виртуоз гербицидімен өңдеу 20 күннен кейін негізгі арамшөп түрлеріне қарсы жоғары биологиялық тиімділікті көрсетті: ақ алабота – 79,9-81,0%, қызылқұйрық – 78,4-80,1%, тауық тары – 79,1-83,9%, жатаған бидайық – 80,6-82,0% және егістік қалуен – 72,6-77,9%. Өнім жинау алдындағы бақылаулар бұл көрсеткіштерді толық растады: 74,0-85,3% аралығында арамшөптердің жойылуы тіркелді.

Қорытындылай келе, гербицидтердің дұрыс таңдалған мөлшері мен қолдану уақыты қант қызылшасының арамшөптерден тазалығын қамтамасыз етіп, дақылдың өнімділігін сақтау мен арттыруда тиімді әдіс болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Dvoryankin E. A. Effectiveness of herbicides for weed control and their phytotoxicity for sugar beet depending on age of the treated plants and consumption rates of chemicals // Agricultural Chemistry. – 2023. – № 3. – P. 70–81.
2. Смирнов М. А. Технологические и экономические аспекты возделывания сахарной свеклы // Сахарная свекла : науч.-практ. журн. – 2010. – № 7. – С. 23–24.
3. Технология производства продукции растениеводства : учеб. пособие / под общ. ред. В. А. Федотова ; В. А. Федотов [и др.]. – М. : Колос, 2010. – 335 с.
4. Simões Araujo A. L., Westra E. P., Shergill L., Gaines T. A. Baseline survey reveals glyphosate and dicamba resistance in broadleaf weeds before sugar beet trait introduction // Weed Technology. – 2024.
5. Методические указания по защите растений / В. Е. Камбулин, Е. А. Гордеева, Т. П. Болгова, В. Коротков, А. Байбосынов, Р. Ш. Амергужин, Д. М. Алимкулов, Г. А. Хохлачева, Г. М. Юсупова; под общей ред. С. С. Хасенова. — Астана : Минсельхоз РК, Департамент защиты и карантина растений, РГП «Фитосанитария», Испытательно-информационный центр, 2004. — 29–30 нояб. Протокол № 3.