ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА СОЛ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙТІН (NATIVE) ЖӘНЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН(NON-NATIVE) ОҚЫТУШЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №7(230)
Рубрика: Педагогика
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №7(230)
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА СОЛ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙТІН (NATIVE) ЖӘНЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН(NON-NATIVE) ОҚЫТУШЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
ПРЕИМУЩЕСТВА И НЕДОСТАТКИ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ-НОСИТЕЛЕЙ И НЕ-НОСИТЕЛЕЙ ПРИ ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННЫМ ЯЗЫКАМ
Темірғалиқызы Айжан
магистрант, Казахский Национальный Педагогический Университет, Казахстан, г. Алматы
Акимбекова Шырын Адилкаировна
научный руководитель PhD, Казахский Национальный Педагогический Университет, Казахстан, г. Алматы
Шетел тілін оқыту барысында сол тілде сөйлемейтін оқытушыдан қарағанда сол тілде сөйлейтін оқытушының артықшылықтары көбірек немесе керісінше, сол тілде сөйлейтін оқытушыға қарағанда сол тілде сөйлемейтін оқытушының тілді үйрету қабілеті мен икемділігі көбірек деген тақырыптар көптеген тартысулар мен зерттеулерде әлі күнге дейін актуалды болып саналады. Бұл пікірталастың пайда болғанына біраз уақыт болғанымен ешбір лингвист кесіп айтып, бір тарапқа шықпаған. Себебі, жасалынған зерттеулер әрдайым екі тарапқа да тиесілі нәтижелер беретіндігінде.
Ағылшын тілі жалпы білім беру үдерісінде міндетті пән ретінде кіріктіріліп, әлемдегі қарым – қатынас тілі болып қабылданғаннан бері ағылшын тілді оқытушылар мен ағылшын тілін екінші тілі ретінде үйренген оқытушылардың арасындағы тілдік және педагогикалық кәсібилік жақтарын салыстырулар мен бағалаушылық күннен күнге артуда. Бұл тартысулар әсіресе, ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде оқытатын Азия мемлекеттерінде көптеп орын алуда.
Жақсы мұғалімді анықтау әрине оңай емес. Бұл жайлы Медли өзінің еңбектерінде оқытушы өзінің жетістіктері арқылы емес, оқытқан оқушыларының жетістіктері арқылы бағаланады деп айтқан. Осылайша оқытушының тиімділігін оның өнімділігі мен құзіреттілігі арқылы салыстыруға болады. Бұл мәселелер аясында да талқыланатын теориялар мен жасалынған эксперименттер нәтижелері бар. Амин, Брейн, Рэмптон және Маум тұжырымдарында оқытушылық біліктіліктері жоқ ағылшын тілінде сөйлейтін азаматтар Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде оқытушылық біліктілігі бар, тәжірибелі оқытушыларға қарағанда көбірек сұранысқа ие және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің жоғары екендігі туралы көрсеткен.
Шын мәнінде сол тілде сөйлейтін оқытушы мен сол тілді екінші шет тілі ретінде үйренген оқытушының қайсысы білім беру үдерісінде көбірек нәтиже беретінін тек тіл біліміне қарап салыстыра алмаймыз. Бұл жерде толығырақ жауап беру үшін оқытушының педагогикалық қабілеттерінен бөлек адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, сенімі мен мәдениеті және оқушыларға деген қарым – қатынасы мен жеке тұлғалық әрекеттері де маңызды рөл атқаратындығында.
Білім алушылардың сол тілде сөйлейтін және сол тілді екінші шет тілі ретінде үйренген оқытушыларға деген көзқарастарын анықтау үшін өткізілген арнайы эксперименттердің нәтижелері әр түрлі. Кейбір зерттеулердің жауабы бойынша сол тілде сөйлейтін оқытушылар тілді ең жақсы деңгейде үйрете алады дейді. Белгілі лингвист Мухаммад Альсевид Сауд Арабия өлкесіндегі университет студенттерінің арасында білім алушылардың сол тілде сөйлейтін оқытушылары мен сол тілді екінші шет тілі ретінде үйренген оқытушыларына деген көзқарастарын анықтау мақсатында жасаған зерттеулерінде оқытушыларды қабылдаудың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар екеніне көз жеткізген. Студенттер сол тілде сөйлейтін оқытушыларына позитивті көзқараста екендерін сондай – ақ, сол тілді екінші шет тілі ретінде үйренген оқытушылардың да шетел тілін үйрету процесінде қосатын үлестерінің мол екенін және олардың тек қана мұғалім емес, өз уақытында сол тілді үйренуші студент болғандарына да баса назар аударған. Респонденттердің ойынша сол тілді екінші шет тілі рентінде меңгерген оқытушылар өздерінің тіл үйрету және үйрену әдістері арқасында қазіргі тіл үйренушілерге айтарлықтай үлкен мотивация беретінін де көрсеткен. Алайда, олардың сол тілде сөйлейтін оқытушыларына деген көзқарастары сол тілді екінші тілі ретінде үйренген оқытушыларына қарағанда әлдеқайда позитивті екенін де жасырмайды. Бұл тақырып аясында өткізілген тағы бір зерттеуде Ризки білім алушылардың сол тілде сөйлейтін оқытушылардан тіл үйрену барысында айтарлықтай позитивті әсерде болғандарын айтады. Олар ауызекі тілді қолдану барысында оқытушының жіберілген қателіктерге баса назар аудармастан барынша еркін сөйлеуге ықпал еткендігін атап айтқан. Сонымен білім алушылардың тілге деген қызығушылықтары артып, тек тіл емес, тіл мәдениетін үйрену барысында да барынша ашық және белсенді бола бастаған.
Басқа тараптан дәл осындай зерттеулер барысында білім алушылардың таңдауы сол тілде сөйлейтін оқытушыға емес, сол тілді екінші шет тілі ретінде меңгерген оқытушыларға түскенін және олардың тіл үйрену барысында көбірек жетістікке жеткенін көрсетеді. Кейбір жасалынған зерттеулер барысында білім алушы сол тілде сөйлейтін оқытушының берген біліміне қанағаттана алмағанын және таңдаудың қате болғанын да жеткізген. Мысалы, Қытай мектептеріндегі ағылшын тілін оқытушы мұғалім сол тілде сөйлей алғанымен жеткілікті білім бере алмаған деп санайды оқушылар. Бұның себебі, оқушылар Шығыс мәдениетін ұстанады, ал сол тілде сөйлейтін оқытушының өмір сүру салты Батыс елінікі болғандықтан, оқытушы мен оқушылар арасында түсініспеушіліктер орын алғанын айтады.
Зерттеу нәтижелері теңдей болған эксперименттер тде баршылық. Соның бірін Браун сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі кімнің оқытушы болатындығына баса назар аудармаған. Сол тілде сөйлейтін оқытушы немесе сол тілді екінші шет тілі ретінде меңгерген оқытушы болса да мейлі, ең бастысы, ол жақсы оқытушы болуы керек деген. Ал жақсы оқытушы болу үшін міндетті түрде сол тілде сөйлейтін оқытушы болу қажет еместігін, тек сапалы деңгейде тіл білімі, педагогикалық қабілеттері мен мәдени қарым-қатынасының жоғары болуы өте маңызды екенін атап көрсеткен.
Кей жағдайларда шет тілін екінші тілі ретінде үйренген оқытушыларға деген білім алушылардың көз қарасы позитивті бола бермейді, бірақ олардың сол тілде сөйлейтін оқытушылардан артықшылықтары бар. Сол тілде сөйлемейтін оқытушылар ағылшын тілі шетел тілі болып саналатын білім беру жүйесінде білім алушылармен бірдей тіл, бірдей мәдениеттен шыққан азаматтар болғандары үшін өзара түсінісіп, жеңіл әрі бірқалыпты байланыс орнатулары, оларға сай келетін үйрету стильін тез таба алуы және білім алушылардың шынайы қажеттіліктерін терең түсіне алуы үлкен артықшылық болып саналады. Маумның пікірінше, сол тілде сөйлемейтін оқытушылар ағылшын тілі шетел тілі болып саналатын білім беру жүйесінде идеалды оқытушы болып саналады, өйткені олар ағылшын тілін үйрену процесінен өткен адамдар. Бір тіл үйренуші ретінде қандай қателіктер мен қиындықтар болатындығынан хабардар жандар болып табылады.
Меджьеш сол тілде сөйлейтін және сөйлемейтін оқытушылардың арасында болатын 4 негізгі ерекшелікті тұжырымдайды, атап айтқанда:
- Сол тілде сөйлейтін және сол тілде сөйлемейтін оқытушылар тілді меңгеру деңгейімен ерекшеленеді;
- Олар өздерінің оқытушылық мінез – құлықтары жағынан ерекшеленеді;
- Тілдерді меңгерудегі айырмашылықтар мен сәйкессіздіктер мұғалімдердің мінез -құлықтарындағы көптеген айырмашылықтарды айқындайтынында;
- Олар өз шарттары бойынша бірдей жақсы мұғалім бола алады.
Тіл үйрету процесінде сол тілде сөйлейтін және сөйлемейтін оқытушылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға тырысқан бұл мақалада негізгі көз жеткізген тұжырым: оқытушының сол тілде сөйлейтін болуы немесе сол тілді екінші шет тілі ретінде үйренген болуы маңызды нүкте емес. Әрине сол тілде сөйлейтін оқытушы тіл үйрету процесінде сол тілдің адамы болып, тілді жетік білгені үшін жақсы оқытушы болып саналады. Алайда, тілді үйренушілердің мәдениетін жетік білмейтіндігі мен сөйлеу тілдері әртүрлі болғаны үшін білім алушылардың нағыз қажеттіліктері мен қиындықтарына нақты жауап табуда қиындықтар болатындығын ескеруіміз қажет. Ал сол тілде сөйлемейтін, яғни сол тілді екінші шет тілі ретінде үйренген оқытушылардың тілдік білімі мен педагогикалық қабілеттері болып білім алушылармен ана тілі бірдей болғандықтан, оның үстіне ол оқытушының өзі де осы тіл үйрену процесінен өткендіктен білім алушыларды жақсы түсініп, назар аударуы керек жерлерде тиісті әрекеттерді жасай алғандықтан көбірек мотивация мен жетістіктерге жететіндігінде. Мәселені қай тарапқа тартсақ та, соңғы шешім мен таңдауды білім алушы жасайтындығын да ескеру қажет.