ТЕТРАКЦИКЛИН 1% КӨЗ ЖАҒАР МАЙЫН ӨНДІРІСТЕ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(276)
Рубрика: Медицина и фармацевтика
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(276)
ТЕТРАКЦИКЛИН 1% КӨЗ ЖАҒАР МАЙЫН ӨНДІРІСТЕ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
Аннотация. Мақалада көз жағар майы жайлы көрсетіледі. Тетракциклин 1% көз жақпа майын өндірісте өндіру, технологиялық схемасы көрсетілген.
Препарат әртүрлі бактериялар мен микроорганизмдерге емдеуге тиімді. Көз аурулары мен тыныс алу жолдарындағы инфекциялармен қатар, тері немесе жұмсақ тіндермен күресу үшін қолданылады.
Кіріспе. Дәрілер өндіріс технологиясында көздің қабыну, инфекциялық ауруларын адам және жануарлар арасында жергілікті емдеу мақсатында қолданылатын дәрілік түрдің бір түрі тетракциклин көз жағар майы.
Ключевые слова: глазные мази, тетрациклин, технологический регламент.
Кілт сөздер:көз жағар майлары, тетракциклин, технологиялық регламент.
Зерттеу жұмысы мен технологиялыө жұмыс
15 жылдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында көз және оның қосалқыларының жалпы аурушаңдығы 23,3%-ға өсті (2002 және 2017 жылдары тиісінше 887 450-ден 1 093 784-ке дейін). Балалардың көз ауруы 2017 жылы жалпы санның 25,2%-ын құрап, 28,9%-ға өсті. 2002 жылмен салыстырғанда 100 000 халыққа шаққандағы аурулардың өсуі жалпы алғанда 1,5%, балаларда 9,2% құрады. 100 мың тұрғынға шаққанда өмірде алғаш рет тіркелген көз және оның қосалқылары ауруларының саны 15 жыл ішінде 1,2 есеге азайса, 14 жасқа дейінгі балаларда, керісінше, 1,25 есеге өскен.
Қала және ауыл тұрғындары арасында офтальмопатологияның таралуында айтарлықтай айырмашылық бар. 2002-2017 жылдар кезеңінде облыстардың 100 мың қала және ауыл тұрғындарына шаққандағы біріншілік сырқаттанушылықтың айырмашылығы. 87,4%-дан 37,2%-ға төмендеді, ал балалар үшін, керісінше, 43,5%-дан 84,3%-ға өсті. [1]
Тетракциклин 1% көз жақпа жұқпалы көз ауруларын емдеуге арналған жақпа түріндегі дәрі. Препарат құрамында микроорганизмдердің көптеген түрлеріне әсер етін антибиотик тетракциклин бар. Жақпа май әртүрлі коньюнктивитпен, блефаритпен, кератитпен және де басқа да жұқпалы көз ауруларын емдеуге қолданылады.[2]
Тетрациклинді жақпа май әсер етудің кең спектріне ие және жергілікті қолданылады. Өнімде улы компоненттер жоқ, сондықтан жақпа май тиімді және сонымен бірге жұмсақ. Шығару формасы - металл түтіктерде айқын сарғыш реңктері бар ақ түсті біртекті қалың масса. Түтік салмағы – 3 немесе 10 г. Композиция күніне екі рет қабақтың терісінің зақымдалған жерлеріне жұқа қабатпен жағылады.
Тетракциклинді көз жақпа майы офтальмологияда препараттың компоненттеріне сезімтал микроорганизмдермен инфекциялан туындаған көздің қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады. Дозаға және дұрыс таңдалған емдеу курсты ұзақтығына байланысты емдеудің тиімділігі жоғары.
Тетракциклинді көз жағар майынан бөлек таблетка басқа дәрілік түр ретінде фармацевтикалық өндіріс саласында өндіріліп шығарылады.
Тетракциклин көз жағарын өндірісте өндіру технологиялық схемасы суретте көрсетілген.
Сурет 1. Тетракциклин 1% көз жағар майының технологиялық схемасы
Қорытынды
Бактериялар мен инфекцияларға қарсы емдеуге арналған тетракциклин 1% көз жағар майын өндірісте өндіру тиімді болып табылады.