Статья:

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(288)

Рубрика: Политология

Выходные данные
Оразаева А.Қ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 21(288). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/288/150620 (дата обращения: 24.07.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

Оразаева Алтынай Қайырбайқызы
магистрант, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, қ. Астана

 

Аннотация. Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы жасалынған келісім шарттар, алға қойылған жоспарлар және оның орындалу жолдары жазылған. Транскаспий Халықаралық көлік дәлізінің бағыттары, басқарма мүшелері, тауарлар түрлері және мөлшері көрсетілді.

 

Кілт сөздер: Каспий теңізі, халықаралық көлік дәлізі, геосаясат, сыртқы экономикалық байланыстар, тауар айналымы, жол тасымалы.

 

Транскаспий Халықаралық көлік дәлізі (The Trans-Caspian International Transport route) Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдан басталып Еуропаға Қазақстандағы Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанға, Грузияға, Түркияға және одан әрі Еуропалық Одақ елдеріне өтеді.  Транскаспий Халықаралық көлік дәлізі - Қытайды Еуропамен байланыстыратын перспективалы көлік дәліздерінің бірі. Ол Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы өтіп, одан әрі Қара теңіз арқылы Еуропаға дейін созылады.

Транскаспий Халықаралық көлік дәлізі «Солтүстік – Оңтүстік көлік дәліздеріне» (The International North–South Transport Corridor)  балама болып табылады. Бұл бағытты дамыту ең алдымен Қазақстанға тиімді. Қазақстанның әлемдік мұхитқа тікелей шығатын мүмкіндігі жоқ. Ал бұл логистикалық ағындарды қиындататыны анық. Ал Транскаспий Халықаралық көлік бағыттың дамуы Еуропаға тікелей шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне экспортталатын мұнайдың 70% жеткізеді. Қазіргі таңда Еуроодаққа шикізат жеткізу бойынша ОПЕК-ке («ОПЕК», мұнай экспортын ұйымдастыру мемлекеттер) кірмейтін елдер арасында үшінші орында. Қазақстандық мұнайдың үлесі Еуропалық Одақ елдерінің жалпы мұнай импортының шамамен 6%-ын құрайды. Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне импортталатын уранның 21% - ын қамтамасыз етеді[1].

Басқарушы кеңес - қауымдастықтың алқалы басқару органы болып табылады. Басқарма құрамын Қауымдастықтың Жалпы Жиналысы бекітті.

"Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығының Басқарма мүшелерінің мүшелігі:

  • Нұрлан Сауранбаев - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқармасының төрағасы, "Қазақстан Темір жолдары ҰК " АҚ Басқарма төрағасы
  • Ровшан Рустамов - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқармасы Төрағасының орынбасары, "Әзірбайжан Темір жолдары"  ЖАҚ төрағасы
  • Дэвид Перадзе - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқармасы Төрағасының орынбасары, "Грузия Темір жолы" АҚ бас атқарушы директоры
  • Абай Турикпенбаев - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің мүшесі, "Ақтау Теңіз Сауда Порты" ҰК " Ақ Атқарушы Кеңесінің төрағасы (Президенті)
  • Рауф Әлиев - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің мүшесі, "Әзірбайжан Каспий Кеме қатынасы"ЖАҚ төрағасы
  • Талех Зиядов - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің мүшесі, "Баку Халықаралық Теңіз Сауда Порты" ЖАҚ бас Директоры
  • Уфук Ялчын - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің мүшесі, "TCDD Taşımacılık" АҚ бас Директоры және Басқарма Төрағасы А.Ш.
  • Евгений Плющенко - "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің мүшесі, "Украина темір жолдары" АҚ басқарма төрағасы[2].

Қазақстан үшін бұл бағыт қосымша инвестициялар, транзиттік әлеуетті дамыту және Әзірбайжан мен Түркия елдері арқылы Еуропаға жол ашылуы, Ресейден жүктерді тасымалдаудың тәуелсіздігіне алып келеді. Транскаспий Халықаралық көлік дәлізі дамуы Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан елдері арасындағы жеткізілім көлемінің артуына ықпал етеді. Көлік дәлізінің арқасында қазақстандық астықтың үлкен көлемі Әзірбайжан мен Түркияға, ал Әзірбайжан мен Түрік жемістері мен көкөністері Қазақстанға жеткізіледі.

Транскаспий Халықаралық көлік дәлізі (跨里海国际运输路线) Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдан басталып, Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзірбайжан, Грузия және одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне өтеді. 2023 жылдың көрсеткіштері бүгінде ҚХР мен Еуропалық Одақ көлік компанияларының назары дәл осы бағытқа аударылғанын көрсетеді. Өткен жылы бұл көлік бағыты жүк айналымының 2 млн 750 мың тонна жүк өсімін көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64% - ға артық.

 

Сурет 1. Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізінің картасы

 

Бүгінде Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі "Бір белдеу, бір жол" (一带一路) бастамасы аясындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл саясат Қытай экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады, сонымен қатар аймақтағы жүк ағындарын анықтайды. Каспий маңы мемлекеттері инфрақұрылымды жақсарту, орталықтар мен еркін сауда аймақтарын салу, сондай-ақ Қытай транзитін тарту үшін "болашақ порттарын" құру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі бағытына қатысты Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы өңірдегі көлік дәлізін дамытуға белсенді инвестициялау үшін барлық алғышарттарды береді. Қазақстан Үкіметі деңгейінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға инвестициялар тарту міндеті қойылды. Бұл Орталық Азия елдерінің көптеген экономикалық процестеріне жағымды әсер етеді.

Қазақстан Републикасының Мәжілісі мен Қытай Үкіметтері арасындағы Транскаспий Халықаралық Көлік бағытын бағыты (The Trans-Caspian International Transport route) дамыту жөніндегі келісімді ратификациялайтын заң қабылдады. Келісімге 2023 жылдың 17 қазанында Қытай елінің астанасы Бейжіңде қол қойылды және Қытай тарапы оны ратификациялады.

Құжат автомобиль, теміржол және теңіз көлігін тиімді пайдалануды, жүктерді тасымалдау үшін жағдай жасауды, сондай-ақ қосымша транзит тарту үшін екі елдегі логистикалық орталықтарды дамытуды көздейді. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ықпал етіп, олардың арасындағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға тиіс.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Транскаспий Халықаралық Көлік бағыты бойынша 2022 жылмен салыстырғанда жүктерді тасымалдау көлемінің 65% – ға ұлғаюы байқалады. Ал ол 2022 жылы-1,7 млн тоннаны, 2023 жылы 2,7 млн тоннаны құрады. 2024 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша тасымалдау 1,4 млн тоннаны құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14% - ға өсті. Тасымалданатын негізгі жүктер-жабдық, аппаратура, өсімдік тектес өнімдер, тоқыма, қара және түсті металдар, мұнай, астық, химиялық заттар және т.б[3].

Транскаспий Халықаралық Көлік бағыты орта дәліз ретінде белгілі және тауарларды Орталық Азиядан Еуропаға жеткізу үшін құрылған. Ол Қытай-Қазақстан шекарасынан Қазақстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және одан әрі – Еуропа арқылы өтеді.

Мәжіліс 2023 жылғы 17 қазанда Бейжіңде жасалған Қазақстан мен Қытай арасындағы Транскаспий Халықаралық Көлік бағыты туралы келісімді мақұлдады. Бұл құжат екі ел арқылы экспорт, импорт және транзит үшін контейнерлік тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді. Азиядан Еуропаға мұнай, металдар, астық, химиялық заттар және т.б. тауарларды тікелей жеткізу үшін айтарлықтай әлеуетті білдіреді. Қарама-қарсы бағытта халық тұтынатын тауарлар, өнімдер мен түрлі металдар басым. Транзиттік бағытта халық тұтынатын тауарлар, өнімдер, астық және құрылыс материалдары да басым. Көлік министрі Марат Қарабаевтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік пойыздарды қоса алғанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша баяндалды[1].

Транскаспий Халықаралық Көлік бағытының келесідей серіктестерін атап өтуге болады:

  1. NC “Maritime Ports Administration” SA Constanta – Румыния "Теңіз Порттары Әкімшілігі" Ұлттық Компаниясы - Көлік және Инфрақұрылым Министрлігінің қарамағындағы компания. Румыния Мемлекетіне тиесілі мемлекеттік-жекеменшік теңіз порттары болып табылады. Румынияның Әскери - Теңіз Күштері басқармасы порт үшін тиеу-түсіру, бункерлеу және жабдықтау сияқты маңызды мемлекеттік қызметтер мен қызметтердің қауіпсіздігіне рұқсат береді.
  2. Ekol logistics 4.0 - өз тұтынушыларына көлік, қоймаларды басқару, кеден, сыртқы сауда және жеткізу тізбегін басқару шешімдерін ұсынады.
  3. LLC UKRFERRY - 25 жылдан бері "Укрферри" кеме қатынасы компаниясының ЖШҚ паром желілері Қара теңіз порттарын байланыстырып келеді. Курлянд А.М. — Президент ООО «Укрферри»
  4. China Communications and Transportation Association – Қытай Халық Республикасының транзакциялау бойынша әлемдегі жетекші ұйымдардың бірі.
  5. USER – Freight Forwarders Association of Romania - 1994 жылы құрылған Румыниядағы жетекші экспедиторлардың біріне айналған компания. Бүкіл Еуропа бойынша ішінара және толық жүктемелерді, әуе және теңіз тасымалы бойынша халықаралық шешімдерді, сондай-ақ келісімшарттық логистика мен қоймалық шешімдерді, тұрақты және тікелей топтық қызметтерді,  жүзеге асырады[2].

2024 жылдың 17 сәуірінде, "Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты" Халықаралық Қауымдастығы және "Шыңжаң COSCO Shipping Container Lines бірлескен күш-жігерінің арқасында томат пастасын контейнерлік тасымалдау Шыңжаңнан (ҚХР) Неаполь портына (Италия) аталған бағыт бойынша блоктық пойыздың бөлігін іске қосты. Пойыз жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 11:30-да Цзинхэ станциясынан салтанатты түрде жолға шықты.

 

Сурет 2. Қытайдан Италияға Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізімен бағытталған жүк поезды

 

Контейнерлік пойыз Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас-Алтынкөл теміржол шекара өткелі арқылы Өтіп, Каспий теңізіндегі Ақтау портына (Қазақстан) жетеді. Сол жерден контейнерлерді ЖШС "Қазақ теңіз көлік флоты" қазақстандық кеме қатынасы компаниясына тиесілі фидерлік кемеге тиеп, Әзірбайжандағы Баку (Алят) портына жеткізіледі. Әрі қарай Әзірбайжан мен Грузия темір жолдарынан кейін контейнерлік блок пойызы Поти портына (Грузия) жетеді. Поти портына келіп, томат пастасы салынған контейнерлерді COSCO Shipping Container Lines кемесіне тиеп, Қара Және Жерорта Теңіздерінен кейін Грецияның Пирей порты арқылы Неаполь портына алып келеді.

Пойыздың Цзинхэ станциясынан Поти портына дейін күтілетін транзиттік уақыты - 11 күн. Аталып көрсетілген мультимодальды маршруттың бүкіл ұзындығы бойынша бірыңғай көлік құжаты - SMGS (Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісім) жүкқұжаты пайдаланылады.

Осы жеткізу барысында Қазақстан темір жолының мамандары контейнерлік пойыздардың Алтынкөл станциясы - Ақтау порты бағыты бойынша өтуінің арнайы кестесін әзірледі. Контейнерлік пойыздардың жүру жылдамдығы тәулігіне шамамен 1050 км құрайды. Соның арқасында пойыздар маршруттың осы бөлігін (3128 км) 72 сағатта жүріп өтеді. Блоктық пойыздардың ұқсас кестелері Әзірбайжан мен Грузия теміржолдарында қолданылады. Блок-пойыздың Алтынкөл станциясынан Поти портына дейінгі бүкіл бағыты бойынша қызмет көрсетушілер Халықаралық Транскаспий Көлік Консорциумының мүшелері болып табылады. ТТР Қауымдастығының тұрақты мүшелерінің еншілес ұйымдары - "KTZ Express", "ADY Container", "Gr Logistics and Terminlas". Көрсетілген ынтымақтастық кезеңінде аталған бағыты бойынша томат пастасы бар 100-ден астам контейнерлік блокты пойыздарды жөнелту ұйымдастырылып, сәтті жүзеге асырылды.

2024 жылғы 4-6 маусым аралығында Әзербайжанның Баку қаласында "Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты" Халықаралық Қауымдастығы қатысатын 21-ші Каспий Халықаралық Көлік, Транзит және Логистика көрмесі (Translogistica Caspian)  өтеді. 4 маусымда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Баку Экспо Орталығында өткен іс-шараның ашылу салтанатына қатысып, көрмеге экскурсия аясында "Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты" Халықаралық Қауымдастығының стендінде болды". Осы сапар барысында Қауымдастықтың Бас Хатшысы Гайдар Әбдікерімов Президентке "Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты"  бойынша 2024 жылдың 5 айындағы жүк тасымалының көлемі, сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпаратпен таныстырды[4].

Қорытындылай келе еліміз үшін бұл бағыт қосымша инвестициялар, транзиттік әлеуетті дамыту және Әзірбайжан мен Түркия елдері арқылы Еуропаға тікелей жолдың ашылуына және Ресейден жүктерді тасымалдаудың тәуелсіздігіне алып келетіні анық.

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. – URL: https://akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-posetil-innovacionnyy-centr-ao-nk-ktzh-2815927/ (уақыты: 01.05.2024)
2. "Транскаспий Халықаралық Көлік дәлізі" Халықаралық Қауымдастығының ресми сайты. URL: https://middlecorridor.com/en/press-center/news/transportation-along-the-titr-to-italy-route-has-been-resumed/ (уақыты: 03.05.2024)
3. International Conference and Exhibition. EUROPE-ASIA INTERMODAL LOGISTICS NEW SILK WAY SHAPING, Netherlands, 2023 May 
4. International Conference and Exhibition.MULTIMODAL TRANSPORT AND TRANSIT FORUM,  Georgia, 2024 April