ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №3(96)
Рубрика: Педагогика
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №3(96)
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның зияткерлік еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды. Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді. Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары сыныптарда туындайды танымдық қызығушылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүдде пайда болады. Алайда, жалпы тәжірибе көрсетіп отырғандай көптеген мектеп түлектері таңдаған мамандығын нашар біледі. Жастар арасында ғылыми қызмет абыройы, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай негативті құбылыстарды жою үшін ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықтық формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек. Егер оқушылар ғылым мен техниканың қазіргі салаларына жаңа ақпарат, кәсіби еңбектің әр саласы туралы ақпарат алып отырса және мұндай ақпаратты өз бетінше іздеп табуға даярланса, оқушылардың кәсіпке қызығушылығын іске асыру үшін жағдай жасалса, педагогтар қарым-қатынасы процесінде адамның іс-әрекетпен шығармашылық қызмет үлгілері ұжымдық нормаға айналатын эмоциалық-зияткерлік атмосфера жасалса кәсіби бағдарлылығының қалыптасуы тиімді болады.
Психологтар мен педагогтар жеткіншек жас өспірім жастағы балаларға тән сипат ретінде олардың кәсіби жағынан өзі-өзі анықтауы адамның даму процесінің ең бір мәнді жағы деп санайды. Л.И.Божович, И.С.Кон, В.А.Корутецский, В.В.Чебышева, С.Н.Чистякова т.б. өзін-өзі кәсіби айқындау тек мамандық таңдау емес, адамның рухани дамуының мазмұнды процесі деп білуі керек. Ол жас адамның қызығушылығы мен бейімділігіне қарай, өзін-өзі бағалауы мен идеалдарына және құндылықтар бағытына және эмоционалдық, ерік-жігер деңгейіне қарай айқындалады. Адамның аталған ерекшеліктері мектеп, отбасы, басқа да референтті топтардан жалпы коммуникативтік құралдардан шығатын, сыртқы әсерлердің жиынтығына түсетін жалпы психологиялық негіздерін құрайды. Кәсіби бағыттылық дегеніміз – адам бағыттылығының бір бөлшегі, оның ерекше формасы. Кәсіби бағыттылық жалпы бағыттылық аясында қалыптасады және адамның дамуына қарай оның құүрылымында жетекші орын алады. «Кәсіптік бағдар» беру дегеніміз – мектептің, оқу-орындарының, өндіріс ұжымдарының, жұртшылықтың, ата-аналардың, жас және дара ерекшелігіне, олардың бейімділігіне, қызығуына, қабілетіне және қоғамдық кадрларды қажет ету талабына сай бірлесіп жүргізетін педагогикалық, психологиялық, медициналық жұмыс. Кәсіптік бағдардың басты міндеті - мектеп бітірушілер мен оқушылардың әлеуметтік-кәсіптік бейімделуі үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сондықтан мектептерде оқушылардың кәсіптік мүддесі және олардың психофизикалық ерекшеліктері мен еңбек рыногының мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікке жету, мектеп бітірушінің қандай болса да кәсіби жетістікті болжауы, жеке кәсіптік болашағын құру, сонымен қатар өзінің жеке кәсіптік өсуінің қиындықтарын жеңу, кәсіптік мақсатын көздеу, өмірлік жағдайлардағы тәсілдерге бара-бар әрекет ету және т.б. үшін барлық жағдайлар жасалады.
Мамандыққа қызығушылығы мен бейімділігі, сенімі, идеалы, өмір туралы түсінігі бар адамдарда кәсіби жағынан өз-өзін тануға ұмтылыс бар. Кәсіби бағыттылыққа қажеттілік, қызығушылық, бейімділік, қабілет, түрткі, идеалдар, нақты кәсіби қызмет тәжірибесі, білім, дағды кіреді. Кәсіби бағыттылық адамның қабілетімен, сол сияқты белгілі бір дәрежеде кәсіби не соған жақын іс-әрекетпен тығыз байланысты.
Мамандық таңдау ең алдымен, кәсіби қызығушылықтан туады, мәжбүрлі белсенділік кәсіби іс-әрекет түрткілерінен туады, оны кәсіби іс-әрекеттің мақсатын айқындау іске асырады. Оқушының кәсіби бағыттылығына түрткі болатын компонент ретінде (әлі ақиқат кәсіби қызметке араласпаған) оның танымдық қызығушылығы, кәсіпке қызығуы, белгілі бір іс-әркет түріне бейімділігі, мамандықты таңдау түрткісі, мақсаттық компоненті ретінде – кәсіби құштарлық, ол мақсат қою және соған сәйкес құрал, оқушы осылардың көмегімен кәсіби мақсатына жетеді.
Әрбір тұлға өз мақсаты мен қызығушылығына сай құндылықтарды игеруге ұмтылады. Адамның кәсіби әрекетіне қатысты төмендегідей құндылықтарды атауға болады:
- қоғамда өзін-өзі анықтау;
- еңбек ұжымындағы бедел;
- туған-туыстары, достарын мойындау;
- өзін-өзі жетілдіру – қызықты жұмыс;
- өз білім іскерлік дағдысын, қабілетін пайдалану;
- еңбектің шы,армашылық сипаты;
- материалды-тәжірибелік құндылық – мардымды жалақы;
- тұлғаны қанағаттандыратын лауазым, қызметінің келешегі.
Кәсіп таңдау түрткілерін таңдау тұлғаның кәсіптің бұл түрін таңауына себепші болады. Бұл өз кезегінде тұлғаның құндылықтарға деген қатынасын білдіреді. Егер қоғамымызды дамыған елдер қатарынан көргіміз келсе, жастарды білімді, білікті мамандар қатарына қосуымыз үшін мектеп мұғалімдері оқушыларына сапалы білім беріп, сонымен қатар жастарға келешекте кәсіптің түрін таңдауға көмек беруі керек. Ол да кәсіптік даярлыққа айырықша көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді. Білім мен іскерлік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, таным өрісі биік адам тәрбиелейді. Оқушының терең де іргелі даярлығы оған басқа мамандықты жедел меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің кәсіптік бағдар беруі үшін мектептердің барлық құрамы жоспарлы жұмыс жүргізуі керек деп ойлаймын.
Кәсіби кеңес беруге кең түсінік берсек, тұлғаны меңгеруге негізделген оқушының еңбегін өзін-өзіне анықтатуда көмек беру деп түсінуге болады. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының үш кезеңін көрсетуге болады:
1. Кәсіптік бағдар берудің даярлық кезеңі онда оушыларды саналы түрде мамандық таңдауына көмек берілу керек, ол мектептегі оқу кезеңін тұтас қамтиды;
2. Кәсіптік бағдар беруді аяқтаудың мақсаты оқушының қызығушылығы, бейімі, қабілеті, психофизеологиялық қабілетіне сай жүреді. Кеңестің бұл түрін 9 сыныптарда маман - кәсіптік бағдар берушілер жүргізеді;
3. Нақтылаушы кәсіптік бағдар беру оны мектептен тыс мекемелер орта кәсіптік-техникалық лицейлер, кәсіптік мектептер, базалық кәсіпорындар т.б. іске асырады.
Жеке тұлғаны кезендегі дамуда кім болу, кәсіптік өзін-өзі анықтау және қандай болу, моральды өзін-өзі анықтау, сұрақтары ерекшеленбейді. Жеке тұлғаның бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар-бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық тандауға тіреледі. Жеке тұлға үшін мамандық таңдау-белгілі деңгейде моральды мәселе. Мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзіміздің қалауымыз, яғни таңдаумыз өз көңілімізден шығуы. Мамандық таңдау диапазоны кең болған сайын, психология жағынан дәл сондай ауыр. Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін-өзі көрсету мүмкіндігі бар шаруалар кіреді.
Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады. Осы үш кіріспе жұмысты әр қырынан анықтайды: біріншісі қоғамның сұранысынан туындайды, екіншісі тұлғаның қабілеті, үшіншісі екеуінің келісу мүмкіндігін көрсету, бірақ бұл үшеуі де бірін-бірі толықтырады; Жеке тұлғаның тиімді мамандық тандауда профессионалды түрде кәсіби кеңес өткізу керек.
Сонымен, оқушы тұлғасының кәсіби бағыттылығы дегенді біз оқушының мамандық таңдауға өзі қалап және белсенді қарым-қатынасынан көрінетін адам әрекетінің бір бөлшегі деп түсінеміз. Мамандық таңдау кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру әрқашан маңызды мәселе болмақ.